Қайрат Оразбеков: Жанкүйерлерге төрттік финалды қайтарғымыз келеді

Қайрат Оразбеков: Жанкүйерлерге төрттік финалды қайтарғымыз келеді

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков команданың Чемпиондар лигасын бастау қарсаңында команданың алдағы мақсаттары мен міндеттері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Чемпиондар лигасының элиталық раундында біз «Барселона», «Бенфика», «Спортинг» және басқа титулды командалармен кездесуіміз мүмкін. Сондықтан Чемпиондар лигасының келесі кезеңінде тапсырмамызды жеңілдету үшін негізгі кезеңде топтан бірінші орынмен шыққанымыз жөн.

Өз деңгейімізді көрсетуіміз керек. Биылғы маусым Марлен Веласко мырзаның дебюті болғанына қарамастан, біздің клубтың жеңіске жету дәстүрлері өміршең және Чемпиондар лигасының соңғы кезеңінде ойнаудан басқа міндетіміз жоқ. Жаттықтырушылар штабының алдында ең жоғары міндеттер тұр.

Сондай-ақ, алматылық жанкүйерлерге Чемпиондар лигасының төрттік финалын қайтарғымыз келетінін және алдағы екі-үш жылда жүлдені жеңіп алуға тырысатынымызды айтқым келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или