«Астана» жеңісін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады

«Астананың» көшбасшысы Фабио Ару «Вуэльта» велододасының шешуші кезеңінде жеңімпаз атанып, қызыл жейде иесі атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Осылайша, ол жалпы есеп бойынша голландтық велошабандоз Том Дюмуленді шаң қаптырды. Александр Винокуровтың командасы жеңісін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады. Бұл ақтық мәре алдындағы 20-кезең болатын. Төрт бірдей таулы аймақты қамтитын күрделі айналымды еңсерген қазақстандық клубтың көшбасшысы Фабио Ару жалпы есепте Хоаким Родригестен 1,5 минутқа алда келеді. Енді бүгін испандық «Вуэльта» велобәйгесінің ақырғы айналымында жарысқа қатысушылар достық кезеңінде өнер көрсетіп, Мадридтің басты алаңында мәре сызығын кеседі.

Айта кетейік, «Вуэльта-2015» көпкүндігі «Астана» велокомандасы үшін сәтсіз басталған болатын. Тәжірибелі капитан Винченцо Нибали жарыстан шеттетіліп, Паоло Тиралонго жарақат алып, ойынға қатыса алмай қалған еді. Үш аптаға созылған додада біздің команда бар күш-жігерін аямай, тер төкті.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или