Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Әзербайжанға қарсы матчта камбэк жасады
Астанада футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық раундында Әзірбайжан құрамасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Кака келесі құрамды алаңға шығарды: Игита, Эдсон, Тұрсағұлов, Дуглас Джуниор, Оразов - Серіков, Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Тайбасаров, Дәрібай, Әбдіманапұлы.
Қонақтар күтпеген жерден Амадеу мен Галлоның голдарының арқасында есепте екі доп айырмасымен алға шықты, бірақ үзіліске дейін Лео есеп айырмасын қысқартып, Біржан Оразов есепті теңестірді. Екінші таймның басында Дуглас Жуниор алаң иелерінің жеңісті голын соқты.
14 желтоқсанда Қазақстан өз алаңында Нидерландымен кездеседі.
Қазақстан - Әзірбайжан 3:2 (1:2)
Гол соққандар: Амадеу 4 (0:1), Галло 8 (0:2), Лео 13 (1:2), Оразов 18 (2:2), Дуглас Жуниор 22 (3:2).
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
@sportqory
@samrukkazyna_official