«Біз бұл жеңіске лайық болдық». Игита - Әзербайжанға қарсы ойын туралы
Қазақстан құрамасының қақпашысы Лео Игита Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Әзербайжанға қарсы матч туралы пікір білдірді.
– Игита, жеңіс құтты болсын! Ойыннан алған эмоцияларыңызды бөліссеңіз.
– Бұл біз үшін маңызды жеңіс болды, сондықтан Әзербайжан сияқты біз де бұл ойынға финалдай қарадық. Гол жіберіп алған соң ойынға қосылып, қарсыласқа қысым жасай бастадық. Бір ғана нәрсе айта аламын – біз бұл жеңіске лайық болдық.
– Енді бізді Астанада Әзербайжанға қарсы қарымта ойын күтіп тұр. Бұл ойыннан не күтесіз?
– Әлі бәрі біткен жоқ деп айта аламын. Ол матчта жеңіліп қалсақ, алдағы ойындарда бұдан да қиын болады. Мен мұнда өзімді үйдегідей сезінемін, өйткені көптеген қазақстандықтар бізді қолдауға келді. Үйде де жанкүйерлер тарапынан үлкен қолдау күтеміз. Екінші матчта жақсы ойын көрсетеміз деп уәде беремін. Астанада екінші финал өтеді.
– Ойынға қатысы жоқ сұрақ. Қазақстан құрамасы сапында жас ойыншылар көбейіп келеді. Олардың арасынан кімді ерекше атап өте аласыз?
– Расул Әбдіманапұлын айта аламын – ол талантты, болашағы зор ойыншы. Оған шыдамдылық керек, ол бізбен бірге өседі. Ол жақында алаңда көбірек уақыт өткізе бастайды. Оны бақылау керек және болашақта жақсы ойыншы болатынына күмәнім жоқ.
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
@sportqory
@samrukkazyna_official