Футзалдан ӘЧ іріктеу: Қазақстан Әзербайжаннан басым түсті
Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі үшінші ойынын Әзербайжанға қарсы өткізді.
Ел құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық футзалшылар алғашқы минутта жинақы қимыл көрсетті.
ҚР құрамасы сапынан Біржан Оразов 23, Дуглас Жуниор 27, Дәурен Тұрсағұлов 36, Лео 39-минутта мергендік танытты. Оған әзербайжан спортшыларынан Хади Ахмади 12, Манека 40-минутта екі голмен жауап қайыра алды.
Осылайша Қазақстан қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или