ММА

Жұмағұловқа рекорды мықты қарсылас табылды

Жұмағұловқа рекорды мықты қарсылас табылды
news-banner7
mobile-news-top

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов Naiza FC лигасындағы болашақ қарсыласы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Маған қарсылас табылды, мен келісімімді бердім. Ол жақсы файтер екенін ғана айта аламын. Жас, рекорды - 12-3. Бразилиялық файтер, бірақ есімін ұмытып қалдым... Ол да келісіп отыр екен», — деді файтер.

Жұмағұлов қазақстандық Naiza FC лигасының 2 желтоқсанда Астанада өтетін турнирінде жекпе-жекке шығуға келіскен.

Еске салайық, қазақстандық файтер 2023 жылы шілдеде UFC ұйымынан кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0