Жейде түктеніп кетті, кроссовкиден шуаш жұқтыруға болады – Тағы бір Азиада спортшысы киім сапасын сынға алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАзия ойындарына киберспорт бойынша қатысып жатқан Әнуар Халықбергенов спорттық форма сапасын сынға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ZTB.KZ желілік басылымына сілтемемен хабарлайды.
«Көптеген адам форманың сапасы соншалықты төмен бе деп сұрап жатыр. Иә, бәрі шындық. Салыстырмалы түрде поло жейде ғана көңілден шықты, оның да матасы түтіле бастады. Футболкадағы көк ту эмблемасының желімі ажырап жатыр. Сондықтан кимей жүрмін, жылы кофтамен жүруге тура келді. Маған берілген шорты өлшемі өте үлкен, шалбар сияқты көрінеді. Мен еш жүгірмейтін, бір орында отыратын спорт түрі бойынша сынға түсіп жатырмын, сонда да киімдер бір-екі күнде тозып кетті», - дейді Ә. Халықбергенов.