«Қайрат» чемпиондық атағын қорғай алмады

Бразилияның Эрешин қаласында футзалдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Финал.

«Қайрат» - «Атлантико» (Бразилия) - 3:4 (0:1)

Голдар: Диваней 21, Лукаян 30, Игита 32 - Гафанья 16, Камарго 24, Кеке 35, Диваней 49 (автогол)

«Қайрат»: Игита, Ронкальо, Игор, Жоан, Першин, Сүлейменов, Же, Лео, Алешандре, Лукаян, Дуглас, Диваней, Нұрғожин, Есенаманов

Былтыр ғана Алматыда клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған «Қайрат» биыл өкінішке қарай чемпиондық атағын қорғай алмады. Финалда алматылық ұжым тартысты кездесуде Бразилия чемпионы «Атлантико» командасынан ұтылып қалды.

«Қайраттың» бапкері Какау ақтық ойынға бірінші минуттан Игита, Же, Игор, Лео мен Диванейді шығарды. Қазақстандық команданың шабуылдары «өткір» болғанымен бірінші болып голды бразилиялықтар соқты. Гафанья Игитаның қателігін ұтымды пайдаланды – 1:0. Осылайша, бірінші тайм «Атлантиконың» пайдасына шешілді.

Ал екінші кезеңде «Қайрат» Диванейдің көмегімен есепті теңестірді. Алайда араға үш минут салып «Атлантико» ойыншысы Камарго өз командасын қайта есепте алға шығарды. Бес минуттан кейін Лукаян таразы басын теңестірді. Кейін Игита әдемі соққымен есепті 3:2-ге жеткізді. Алайда, ойынның аяқталуына бес минут қалғанда Кеке есепті теңестіре алды. Артынша, овертаймның аяқталуына бір минут қалғанда Диваней байқаусыздан өз қақпасына гол соғып жіберді. Осылайша, эрешиндік «Атлантико» клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жаңа жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или