Ресейдегі халықаралық турнирде Қазақстан бес медаль жеңіп алды

Каспийск қаласында (Ресей) Магомед-Салама Ильясович Умахановты еске алуға арналған 19-40 жас аралығындағы спортшылар арасында бокстан XXII халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жарыста Қазақстан атынан он боксшы өнер көрсетіп, оның бесеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Төрт қазақстандық қола жүлде жеңіп алды - Жандос Несіпжан (57 келі), Еркебұлан Әкімбай (80 келі), Нұрсұлтан Бейсембаев (86 келі) және Мейрамбек Берғанаев (92 келі).
Қазақстандық спортшылар арасындағы жалғыз алтынды 71 келі салмақта сынға түскен Дархан Дүсейбай алды. Ол финалда Өзбекстан өкілі Бекзод Хамидовты жеңді.