«Астана» шабандозы «Словакия турының» 3-кезеңінде екінші орын алды
«Словакия туры» көпкүндік веложарысының 3-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» сапында үздік нәтижені италиялық шабандоз Микеле Гоццоли көрсетті. Ол мәреге екінші болып жетті.
Кезеңнің жеңімпазы Soudal - Quick Step командасының италиялық спортшысы Андреа Баджили атанды. Екінші орынды астаналық Гоццоли иеленсе, үздік үштікті Groupama - FDJ командасының өкілі Штефан Кюнг түйіндеді.
«Словакия туры». 3-кезең. Ружомберок - Мартин. (171,6 км)
1. Андреа Баджоли (Soudal - Quick Step) - 3:54:24;
2. Микеле Гоццоли («Астана») +,,
3. Штефан Кюнг (Groupama – FDJ) +,,
Жалпы есеп:
1. Реми Каванья (Soudal - Quick Step) - 7:37:35;
2. Мулу Кинфе Хайлемайкл (Caja Rural – Seguros) +2:20;
3. Штефан Кюнг (Groupama – FDJ) +2:23;
…22. Кес Бол («Астана») +5:56