Футзалдан Қазақстан кубогының соңғы жартылай финалисі анықталды

Футзалдан Қазақстан кубогының соңғы жартылай финалисі анықталды

«Семей» рудныйлық «Аят» командасын сенімді жеңіп, футзалдан Қазақстан кубогының 1/2 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семейлік команда «Аяттан» 4:2 есебімен басым түсті.

«Семей» сапында Тоқаев, Төреғазин, Дедезиньо және Есенаманов, «Аят» құрамында Леандриньо мен Козырчиков голдың авторы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе», шымкенттік «Ордабасы» және алматылық «Қайрат» клубтары жартылай финалға жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или