«Қайрат» АФК Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды
Таразда футзалдан OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
11-ші дәстүрлі Суперкубок ойынында «Қайрат» АФК мен «Аят» командалары кездесті.
Матч 4:2 есебімен алматылық ұжымның пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапынан Денер Родриго (хет-трик) мен Педро көзге түсті.
Осылайша, «Қайрат» АФК Қазақстан Суперкубогының сегіз мәрте жеңімпазы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или