Жібек Құламбаева Чехиядағы турнирдің бірінші айналымында жеңілді

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чехияның Прага қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші 1/32 финалда жергілікті спортшы Анета Кладивовамен кездесу өткізіп, 7:6, 0:6, 6:7 есебімен жеңілді. Кездесу екі сағат 25 минутқа созылды.
Айта кетейік, қазір 23 жастағы Құламбаева WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 443-орында тұр.