«Астана» шабандозы «Испания Вуэльтасының» екінші кезеңінде 19-орын алды
Бүгін ұзындығы 181,8 шақырым құрайтын «Испания Вуэльтасы» веложарысының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңнің жеңімпазы «Lotto Dstny» командасының даниялық шабандозы Андреас Крон атанды. Екінші орынды «Alpecin-Deceuninck» командасынан аустралиялық Кайден-Гроувс алды. Үшінші орында «AG2R Citroën Team» командасынан италиялық Андреа Вендраме иеленді.
«Астана» сапында үздік нәтижені Самуэле Баттистелла көрсетті. Ол мәреге 19-болып жетті.
Испания Вуэльтасы. Екінші кезең. Матаро - Барселона (182 км)
1. Андреас Крон («Lotto Dstny») - 4:10:06
2. Кэйден Гровс («Alpecin-Deceuninck») +,,
3. Андреа Вендраме («AG2R Citroën Team») +,,
…19. Самуэле Баттистелла («Астана») +,,
Жалпы есеп:
1. Андреа Пикколо («EF Education-EasyPost») - 4:27:23
2. Хавьер Ромо Оливер («Астана») + 0:11
3. Иван Гарсия Кортина («Movistar Team») +0:13