Бурабайда қайырымдылық веложарысы басталды

Бурабай курорттық аймағында Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қатысуымен жыл сайынғы қайырымдылық веложарысы басталды.

Осымен үшінші рет өтіп отырған дәстүрлі іс-шараға Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Rixos Borovoe» қонақ үйі мен Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры мұрындық болып отыр. Веложарыс 30 шақырымға жуық қашықтықты қамтиды.

Аталған акцияға велоспорттан Олимпида ойындарының чемпионы Александр Винокуров пен «Astana Pro Team» командасының өзге де қатысушылары қолдау көрсетті. «Тур де Франс-2014» жеңімпазы Винченцо Нибали осымен екінші жыл қатарынан шара қатысушыларының қатарынан табылып отыр, сондай-ақ биыл ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қатысады.

Еліміздің ірі отандық және шетелдік компанияларының топ-менеджерлері мен қызметкерлерін, түрлі мемлекеттік құрылым басшыларын қоса алғанда қайырымдылық жарысына жалпы 300-ге тарта адам қатысады деп жоспарлануда.

«Александр Винокуров атындағы қор мен «Astana Pro Team» командасының бұл игі іс-шарадан тыс қалмағанына қуаныштымын. Қайырымдылық – біздің команданың негізгі мақсаттарының бірі. Бүлдіршіндерге қол ұшын созатын жобаларға қатысып жатқанымызға қуаныштымыз. Веложарыстың өтуіне ауа райы кедергі бола алмайды», - деп атап өтті Александр Винокуров.

Сонымен қатар Олимпиада чемпионы биыл веложарысқа өзінің балалары да қатысатынын атап өтті. Спортшы қазір отбасымен туып-өскен Солтүстік Қазақстанда демалыста жүр екен.

Қайырымдылық веложарыстың ұйымдастырушылары спорттық шарадан 16,5 млн теңге жинауды көздеп отыр. Бұл қаражат Щучьедегі «Сәби үйі» мен Көкшетау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернатқа қажетті жабдық алуға жұмсалмақ.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или