«Қайрат» – «Барса» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 19 тамызда алматылық «Қайрат» Испаниядағы Mucho Mas турнирінің жартылай финалында «Барсамен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Испанияның Вальдепеньяс қаласында өтеді, ойын Астана уақытымен 23:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді болады.
Бұл текетірестің жеңімпазы келесі күні өтетін финалда «Вальдепеньяс» – «Пальма» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Турнир «Төрттік финал» форматында өтеді және турнирге «Қайраттан» бөлек испаниялық «Вальдепеньяс», «Пальма» және «Барселона» командалары қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или