«Рамазан Оразов жақсы ойнады». Бен Доэрти Конференция лигасындағы «Тобылға» қарсы кездесу туралы

«Рамазан Оразов жақсы ойнады». Бен Доэрти Конференция лигасындағы «Тобылға» қарсы кездесу туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Дерри Сити» қорғаушысы Бен Доэрти Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді.

– Бен, матч туралы ойыңызды бөліссеңіз.

– Бұл екі команда үшін де қиын ойын болды. Біз үшін жеңіліс жағымсыз болды. Келесі аптада жеңіске жетеміз деп үміттенемін.

– Стадион туралы не айта аласыз?

– Жақсы стадион. Әсіресе керемет атмосфераны құрған жанкүйерлерді атап өткім келеді. Қарымта ойында да осындай қолдау күтеміз.

– «Тобыл» ойыншыларының қайсысы қорғанысыңызға көп қиындық тудырды?

Оларда өте жақсы шабуылшылар бар, әсіресе 20-нөмірдегі ойыншы (Рамазан Оразов – Prosports.kz). Қалған жігіттердің бәрі де өте креатив ойыншылар, біз олардың бәрін матч алдында талдадық. Дегенмен бұл нәтиже біз үшін де жаман емес, себебі екінші матчта ойынды өзгертуге мүмкіндігіміз бар.

– Камбэк жасай алатындарыңызға сенесіз бе?

– Әрине! Үміттенбесек, ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Біз бәріміз бірдей адамбыз, әрқайсымыздың екі аяғымыз бар, сондықтан әрқашан мүмкіндік болады.

Фото: The Irish Sun

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0