«Сиқырлы сәт болды». Брайан Майер «Тобылға» қарсы мачт туралы

«Сиқырлы сәт болды». Брайан Майер «Тобылға» қарсы мачт туралы

«Дерри Ситидің» қақпашысы Брайан Майер Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді.

– Брайан, матчқа қатысты ойыңызды айтыңызшы.

- Егер белгілі бір қателіктерді ескермесек, жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын. Үйде лайықты тойтарыс беру үшін енді сол қателіктермен жұмыс істеуіміз керек.

– «Дерри Ситидің» жеңіске жетуіне не кедергі болды?

<span>– Тек тамаша гол, барлық айырмашылық осында. Керемет гол. Менің ойымша, бұл ойынды өзгерткен сиқырлы сәт болды.</span>

– Қостанайдың стадионы мен көгалы туралы не ойлайсыз?

– Көрермені көп жақсы стадион, бірақ Ирландияда «Тобылды» дәл осындай атмосфера күтіп тұр. Біз жеңеміз деп үміттенеміз.

– Қарымта ойынға болжамыңызды бөліссеңіз.

– Тең дәрежедегі командалар арасында тартысты ойын болады. Біз бұл ойынды талдап, келесі кезеңге өту үшін бар күшімізді саламыз.

– «Тобыл» сапында кімдерді атап өте аласыз?

– Олардың бірнеше жақсы ойыншысы бар. Айтып өткенімдей, келесі аптада оларды қиын ойын күтіп тұр. Біз бар күшімізді салып, матчтың нәтижесіне көреміз.

Фото:<span> </span>The Irish Sun

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или