G2 Esports командасы IEM Cologne 2023 чемпионы атанды
G2 Esports ұжымы CS:GO бойынша IEM Cologne 2023 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Гранд финалда Никола <span data-tune="cs-insert" data-type="players" data-props="{"params":{"flag":false,"nickOnly":false},"id":"37136","slug":"nikolinho","country":"ba","discipline":"cs-go"}">NiKo</span> Ковач командасы ENCE командасын 3:1 есебімен ұтты (Nuke - 16:4, Mirage - 16:10, Anubis - 13:16 және Ancient - 16:9).
G2 турнирінде жеңіске жеткені үшін олар 400 мың доллар сыйақы мен IEM Katowice 2024 слотына ие болды.
IEM Cologne 2023 турнирі 26 шілде мен 6 тамыз аралығында Германияның Кельн қаласында өтті. 24 команда миллион доллар сыйақы мен IEM Katowice 2024 квотасын сарапқа салды.