«Бұл маңызды ойын және тамаша нәтиже болды». Милош Райкович – «Қайратқа» қарсы жеңіс туралы

«Бұл маңызды ойын және тамаша нәтиже болды». Милош Райкович – «Қайратқа» қарсы жеңіс туралы

«Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Милош Раичкович Prosports.kz тілшісне берген эксклюзив сұхбатында «Қайратқа» қарсы матч туралы пікір білдірді.

- Милош, жеңіс құтты болсын. Эмоцияңызды бөліссеңіз.

- Конференция лигасында «Торпедодан» жеңілгеннен кейін біз үшін бұл маңызды ойын және тамаша нәтиже болды. Айналамыздағы керемет атмосфераны көрдіңіз. Барлық жанкүйерге алғыс айтқым келеді және біз чемпиондық үшін күресуді жалғастырамыз деп сенемін.

– «13-сектор» жанкүйерлер қозғалысының бойкот жариялауы туралы не айта аласыз?

- Мен бұған қатысты пікір білдіре алмаймын, себебі ойын барысында мұның бәрін көрмедім. Дегенмен, олар біздің алаңдағы 12-ойыншымыз, бізді қолдап жатыр және олар керемет деп айтқым келеді.

- Келесі ойын Конференция лигасында «Сепсиге» қарсы болады. Матчқа дайындық қалай жүріп жатыр?

- Алдымен оларды бапкерлер штабымен бірге алдағы күндері сараптауымыз керек. Әрине, төртінші іріктеу кезеңіне өту үшін дайындалып, күресеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или