Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 17-орында тұр

Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 17-орында тұр

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанғаннан кейін Қазақстан медальдар кестесінде 17-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар универсиадада 19 медальге ие болды. Оның ішінде 2-і алтын, 7-і күміс, 10-ы қола.

Милад Карими кермедегі сайыстың финалдық сатысында бірінші орын алды. Көрсеткіші - 14,800.

Ол бұдан бұрын Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или