Роналду Герд Мюллердің рекордын жаңартты
«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордын орнатты. Португалиялық форвард ресми матчтарда баспен соққан голдар саны бойынша Герд Мюллердің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы 433 жазды.
Криштиану Роналду араб клубтары арасындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Монастир» (4:1) қақпасына гол соқты. Бұл оның ресми матчтарда баспен соққан 145-голы болды.
Бұған дейін рекорд Герд Мюллерде еді, ол 144 рет баспен гол салған. Ал үшінші орында испаниялық Карлос Сантильяна (125) тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или