Жазғы универсиада: Қазақстандықтар тағы 4 медаль жеңіп алды

Жазғы универсиада: Қазақстандықтар тағы 4 медаль жеңіп алды

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан спортшылары 4 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Бүгін Қазақстанның Универсиададағы қоржыны 4 күміс медальмен толықты. Атап айтқанда, «қоланы» шағын калибрлі винтовкадан атудың шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Шахторин Никита; тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Чирюкин Никита алды.

«Бұл спортшылардың ғана емес, олардың бапкерлерінің де ерең еңбегі. Жарайсыңдар!

Осы жігіттердің жетістіктері арта берсін! Спортшыларымыздың әрбір жеңісі елді қанаттандырады», - деп жазды министр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или