Кирилл Кекер: Жеңіске жетпегендіктен барлығын дұрыс істемедік деген сөз

Кирилл Кекер: Жеңіске жетпегендіктен барлығын дұрыс істемедік деген сөз

«Қайраттың» бас бапкері «Қайсармен» тең ойнаған ойын (0:0) туралы пікір білдірді:

– Қайсар ерекше футбол ойнайды. Оларды ұпай алуымен құттықтаймын.

– Ойынға қандай нұсқаумен шықтыңыздар? Не іске асты, не іске аспады деп есептейсіз?
– Нұсқау – жеңу болды. Жеңіске жетпегендіктен, нұсқауымыз іске аспады деген сөз.

– «Қайсар» сапында кімді атап өте аласыз? Ең көп мәселе тудырған кім деп ойлайсыз?
– Ешқандай мәселе болған жоқ. «Қайсар» ерекше футбол ойнайтынын тағы да айтамын. Ойыншылар жоғары пас беріп, допқа таласады да, аут пен стандарт алып, уақыт созады… Бұл командада ешкімді атап өтпеймін.

– Ұпай алғаннан гөрі ұпай жоғалттыңыз деп ойлайсыз ба?
– Әрине, біз жеңгіміз келді. Жеңіске жетпегендіктен барлығын дұрыс істемедік деген сөз. Өкінішке қарай бар мүмкіндікті пайдалана алмадық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или