Мүмкіндік қалдырмадық! «Ақтөбе» Грузияда сенімді жеңді

Мүмкіндік қалдырмадық! «Ақтөбе» Грузияда сенімді жеңді

«Ақтөбе» Конференция лигасының іріктеу кезеңін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбеліктер екінші іріктеу кезеңінде грузиялық «Торпедо Кутаисимен» кездесті. Алғашқы ойын Грузияда өтті.

Қазақстанның вице-чемпиондары бұл кездесуде алаң иелерін тас-талқан етті. 

34-минутта Әлібек Қасым пенальтиден есеп ашты. Араға тоғыз минут салып Милош Раичкович есепті еселеді.

Ал екінші таймда алаң иелерінің қателігінен кейін допты Андрия Филипович алып, Максим Самородовқа бос қақпаға пас берді. Максим мүлт кетпеді - 3:0.

Ойынның соңына қарай «Торпедо» есеп айырмасын қысқарта алды. Георгий Арабидзе қанжығасын майлады.

Дегенмен соңғы сөз ақтөбеліктерде қалды. Қосымша уақытта Андрия Филипович ойынның нүктесін қойды.

Енді қарымта матч 3 тамызда Ақтөбеде өтеді.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч

«Торпедо» (Кутаиси, Грузия) - «Ақтөбе» 1:4 (0:2)

Голдар: Қасым пен 34, Раичкович 43, Самородов 73, Арабидзе 89, Филипович 90+3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или