Қазақстандық теннисші Умагтағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге Умагтағы турнирде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымдағы матчта Недовесов/Эскобар жұбы А.Бехар (Уругвай)/А.Павлашек (Чехия) дуэтін 6:3, 4:6, 10:3 есебімен ұтты.
Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.
Турнирдің ширек финалында Қазақстан-Эквадор дуэті Б.Рола/Н.Сердарушич - С.Вербик/М.Бортолотти кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.