Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері белгілі болды
Қазақстандық маман Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
<span>Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «БИІК-Шымкент» қыздар командасының бас бапкері қатар атқарады.</span>
<span>Бұған дейін бұл қызметті ресейлік маман Александр Семенов болған еді.</span>
<span>Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.</span>