Бокс

Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға қашан оралады

news-banner7
mobile-news-top

Кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлы ауыр жарақаттан соң үлкен спортқа қайта орала ма? Бұл сауалға ол Қазақпаратқа берген сұхбаты барысында жауап берді.

-Бұл жарақат өте ауыр болды ғой. Сондықтан кемінде бір жыл керек деп ойлаймын. Ол енді өз пайымым. Алматыда оңалтуда жатқанда Оңтүстік Кореяның дәрігерлеріне тікелей байланысқа шықтық. Сонда олар медицналық құжаттарымды қарап, талдауларымды көріп, "боксқа қайтып орала берсеңіз болады" дегендей кеңес берді.

"Қатты оралғыңыз келсе, оралыңыз. Ал негізі қойғаныңыз дұрыс. Өйткені рингке шыққан соң не болатынын болжап бере алмаймыз" дегенді айтты. Олар да шешімді өзіме итеріп тұ", - деді боксшы.

Айдос Ербосынұлы дәл қазір денсаулығында мазалайтын мәселе жоқ екенін сөз етті.

- Дегенмен боксты әрі қарай жалғастырсам да, жалғастырмайтын болсам да өзім үшін толық зерттеліп, емделу артық емес деп ойлаймын, - деді ол. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0