Қазақстандық чемпион Boxrec рейтингіндегі орнын жақсартты

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (15-0, 11 КО) испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) жеңгеннен кейін Boxrec.com рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сұлтан Эдинбургте (Шотландия) өткен бокс кешінде Джон Картермен жұдырықтасып, үшінші раундта жеңіске жеткен болатын.
Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы BoxRec-тің жеңіл салмақтағы рейтингінде 83-орыннан 47-орынға көтерілді.
Сұлтан Зәуірбек WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы. Ал Джон Картер бұған дейін Испания чемпионы атағын және EBU European Union белбеуін жеңіп алған еді.