Қазақстан мен Өзбекстан әлем чемпионатын бірігіп өткізуге өтінім берді

Кеше Ыстықкөл облысында (Қырғызстан) Орталық Азиядағы түркітілдес елдер футбол қауымдастықтарының саммиті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан футбол федерациясының басшысы Адлет Барменқұлов осы жиында 2034 жылғы әлем чемпионатын Өзбекстанмен бірлесіп өткізу жоспарымен таныстырды.
Айта кетейік, әлем чемпионатын өткізуге Таиланд бастаған Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына мүше 10 ел де бірлескен өтінім берген. Сонымен қатар, Мысыр, Австралия және бірнеше Африка елдері де турнирді өткізуге үміткер.
Сондай-ақ қабылдаушы елдер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары әлем чемпионатына бірігіп ұсыныс берді