«Динамо Тбилиси» - «Астана» матчының статистикасы жарияланды

«Динамо Тбилиси» - «Астана» матчының статистикасы жарияланды

УЕФА ресми сайты Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен Тбилисидің «Динамо» клубтары арасындағы қарымта матчтың статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тбилисиде «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші іріктеу кезеңіне өтті. Алаң иелері қақпаға көбірек соққы бағыттады - 13-8 (қақпаға - 6-6, қақпадан тыс - 7-2), бұрыштама - 6-5. «Астана» ойыншылары екі рет, «Динамо» ойыншылары бір рет оффсайдқа түсті. Ойынның тәртіптік жағына келетін болсақ, екі команда 11 рет ғана ереже бұзды – 6-5. Бұл кездесуде төреші қағаз көрсеткен жоқ.

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» Загребтің «Динамосымен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или