«Бешікташ» Зайнутдиновті сатып алудан бас тартты

«Бешікташ» Зайнутдиновті сатып алудан бас тартты

Түркиялық спорт журналисі Серджан Дикме Стамбулдың «Бешікташ» командасы мәскеу ЦСКА ойыншысы Бактиер Зайнутдиновті сатып алудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- «Бешікташ» бұл трансферден толық бас тартты, енді оларға ойыншы қажет емес. Келіссөз аяқталды. Зайнутдинов тым қымбат болып шықты, - деді Дикме «СЭ» басылымына берген сұхбатында.

Бактиер Зайнутдиновтің ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылғы жазға дейін жарамды. Transfermarkt порталы қазақстандық жартылай қорғаушының трансферлік құнын 6 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или