Маркета Вондроушова - Уимблдон жеңімпазы
![Маркета Вондроушова - Уимблдон жеңімпазы](https://prosports.kz/upload/news/content//202307/201131_ce4c11333e1fbcf14423e4e5f3268a6c.jpg?v=28703908)
Чехиялық, әлемнің 42-ракеткасы Маркета Вондроушова Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.
Чехиялық спортшы финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.
Орталық корттағы матч 1 сағат 20 минутқа созылып, М.Вондроушова эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Тунистік теннисші 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін ғана өз есебіне жазды.