Қазақстан Боснияға қарсы кездесуге Хорватияда дайындалады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Боснияға қарсы кездесу алдында Хорватия елінде оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алматылық «Қайраттың» ресми сайтына сүйенсек, Қазақстан құрамасы загребтік «Динамомен» жолдастық кездесу өткізеді. Ойын қыркүйектің 10-ы, Хорватияның астанасы Загребте өтеді. Айта кетер жайт, «Динамоны» 51-жастағы белгілі маман Мико Мартич баптайды.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа чемпионатына жолдаманы Қазақстан ұлттық құрамасы Босниямен сарапқа салады. Алғашқы ойын 15-ші қыркүйек күні, Зениц қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или