«Астана» футзал клубын Олег Солодовник жаттықтырады

Украиналық маман Олег Солодовник «Астана» футзал клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
56 жастағы маман Қазақстанда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Алғашында жаңаөзендік «Мұнайшыны» жаттықтырды. Одан кейін 2016-2020 жылдар аралығында «Ақтөбе» тізгінін ұстады.
2020 жылы күзде оралдық «Бәйтеректің» бапкері атанды, онда 2022/2023 жылғы маусымының соңына дейін жұмыс істеді.