Бокс

Жаңа Зеландия мен Аргентина IBA құрамынан шықты

Жаңа Зеландия мен Аргентина IBA құрамынан шықты
news-banner7
mobile-news-top

Жаңа Зеландия мен Аргентина бокс федерациялары Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) құрамынан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар ұйыммен ынтымақтастықты тоқтатқанын ресми жариялаған үшінші және төртінші ел. Бұған дейін АҚШ пен Швейцарияның ұлттық федерациялары IBA-дан шығатынын мәлімдеген.

Өткен айда IBA менеджмент, қаржы және этика саласында талап етілетін реформаларды жүзеге асырмағаны үшін ХОК мойындауынан айырылды. Бұрын AIBA деген атпен белгілі ұйым 2019 жылдан бастап Олимпиада ойындарында бокс турнирін ұйымдастыру құқығынан айырылды.

Жаңа Зеландияның Ұлттық бокс федерациясы ХОК мойындаған, биыл құрылған жаңа ұйым – World Boxing-ке қосылуға ниетті екенін мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0