«Бавария» қорғаушысы «ПСЖ» сапына ауысты

Франциялық қорғаушы Люка Эрнандес «ПСЖ» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы париждік клуб ресми мәлімдеді.
27 жастағы ойыншы жаңа командасымен 2028 жылғы жазға дейін жарамды келісімшарт жасады. ПСЖ қорғаушы үшін «Баварияға» 45 млн еуро төледі.
Люка Эрнандес орталық және қапталдағы қорғаушы ретінде ойнай алады. 2019 жылы жазда «Бавария» оны «Атлетикодан» 80 млн еуроға сатып алған. Люка Эрнандес Франция құрамасы сапында 33 матчқа қатысып, 2018 жылы әлем чемпионы атанды.