«Қайрат» Қазақстан құрамасының сұрмергенін Еуропаның топ-клубына жіберуге қарсы емес

«Қайрат» және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов еуропалық клубқа ауысудағы басты арманы мен тілегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Менің басты мақсатым – «Қайратпен» Чемпиондар лигасын жеңу.
Маған Еуропаның топ-клубтарынан ұсыныстар түссе, клуб президенті Қайрат Оразбеков келісім-шартқа отырғанда уәде еткендей, мені жіберуге келіседі», - деді Оразов.