«Барселона» президенті сатылмайтын ойыншыларды атады

«Барселона» президенті Жоан Лапорта сатылмайтын ойыншылардың тізімін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Өткен маусымда бізге де Йонг үшін 100 миллион еуро ұсынылды, біз одан бас тарттық. Сатылмайтын негізгі ойыншылар бар. Оның ішінде Педри, Арауджо, Кристенсен және Фати бар. Олар бойынша да ұсыныстар болды», - деп келтіреді функционердің сөзін Mundo Deportivo .
Сонымен қатар, «Барселона» бірнеше ойыншымен қоштасуға дайын. Олардың бірі – Ферран Торрес.