Қазақстан чемпионатының клубы жаңа маусым алдында барлық ойыншымен қоштасты

Қазақстан чемпионатының клубы жаңа маусым алдында барлық ойыншымен қоштасты

Шымкенттік «Ордабасы» жаңа маусым басталар алдында бүкіл құрамның кететінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Ордабасы футзал командасы 2022-2023 жылғы маусымдағы командаға алғысын білдіреді. Алдағы маусымда барлығына сәттілік тілейді.

Жақында біз алдағы маусымға дайындықтың жаңа шараларымен қуантамыз», - деп жазды шымкенттіктердің баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен маусымда «Ордабасы» футзалдан Қазақстан чемпионатында тоғызыншы орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или