Жоао Пауло ҚПЛ-дағы мерейтойлық голын соқты

Жоао Пауло ҚПЛ-дағы мерейтойлық голын соқты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» 34 жастағы бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло «Қызылжарға» (3:0) қарсы ойында Қазақстан Премьер-лигасында 60-шы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Премьер-лигасында «Ордабасы» сапында Жоао Пауло 2019 жылдың 9 наурызында Шымкентте «Шахтерге» қарсы ойында (3:0) дебют жасады. Ол негізгі құрамда шығып, дубль авторы атанды. «Ордабасы» сапында барлығы 65 кездесу өткізіп, 35 гол соққан.

14-турда «Қызылжар» қақпасына соққан екінші голы (3:0) оның Премьер-лигада 60-шы голы болды. «Қайрат» сапында бүгінге дейін 44 кездесу өткізіп, 25 гол соққан.

Ол ҚПЛ-да 60 және одан да көп гол соққан 42-ші ойыншы болды және Қазақстан чемпионаттары тарихындағы ең үздік 40 бомбардирдің қатарына енді.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 109 матч өткізіп, 60 гол соққан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0