Махаббат Үмітжанова жекелей сайыста Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы атанды

Махаббат Үмітжанова жекелей сайыста Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы атанды

Талдықорған қаласында тас жолдағы велоспорттан ҚР VI жазғы Спартакиадасының екінші жарыс күні өтті.

Әйелдер 25 шақырым қашықтықта сынға түсіп, 36 минут 3 секунд уақыт көрсеткен Махаббат Үмітжановаға (СҚО) тең келер ешкім болмады. Күміс және қола жүлдені Жетісу облысының спортшылары Виолетта Казакова (0:37:11) мен Ақпейіл Өсім (0:37:21) иеленді.

Енді «элита» санатының өкілдері топтық жарыстың жүлделері үшін таласқа түседі. 24 маусымда әйелдер 105 шақырым, ал ертесіне ерлер 164 шақырымда өзара мықтыларды анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или