«Швейцария турының» 6-кезеңі шабандоздың өліміне байланысты тоқтатылды

«Швейцария турының» 6-кезеңі шабандоздың өліміне байланысты тоқтатылды

Жыл сайынғы Швейцария турының алтыншы кезеңі бүгін өтуі керек еді, бірақ одан бас тарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оған Бахрейн – Вивироус командасының атынан шыққан велошабандоз Джино Медердің өлімі себеп болды.

Шабандоз веложарыстың бесінші кезеңінде апатқа ұшырады. Ол бұрылыстардың бірінде жоғары жылдамдықпен сайға ұшып кетіп, құлау кезінде ауыр жарақат алған.

Команда мәлімдеме жасап, спортшының ата-анасына, барша туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или