Какау: «Қайраттың» ойындарын бүкіл Оңтүстік Америка тамашалайды»

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау командасының жаңа маусымға дайындығы жайлы және келесі айда өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатынан қандай нәтиже күтетінін айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жаңа маусымға дайындығы жайлы

«Біз клубтық мундиальға жақсы дайындалуымыз қажет. Әлем чемпионаты алты күн ғана жалғасады. Сондықтан бар ойымыз қазір әлем чемпионатында».

Қарсыластары туралы

«Жақын арада «Атлантико Эрешин» командасының видеоларын аламыз. Қарсылас команданы зерттеп, оның осал тұстарын анықтаймыз. Басқа командаларды да зерттейміз, әлем чемпионатында әлсіз командалар жоқ екенін жақсы білеміз».

Бапкерлік құрамдағы өзгерістер хақында

«Физдайындықтан жаңа бапкеріміз Марионы жақсы танимын, өте мықты маман әрі орыс тілін жақсы біледі. Ал қақпашылардың жаттықтырушысы Луизиньомен келісімшартты ұзарта алмадық. Оның орнына тағы бір мықты маман Клеймар Рабер келді».

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты жайлы

«Оңай болмайтыны анық. Бұған қоса Бразилия чемпионаты басталып кетті. «Атлантико Эрешин» қазір бабында, чемпиондық атағымызды сақтап қалу үшін біраз тер төгуіміз қажет. Тағы бір айта кетер жайт, біздің ойынымызды бүкіл Оңтүстік Америка тамашалайды. Олар үшін «Қайрат» – өте қызық команда».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или