Рамис Дінмұхамедов – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Рамис Дінмұхамедов – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

<span>Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатында отандасымыз Рамис Дінмұхамедов мәре сызығын 2-болып кесті.</span>

<span> Ол із кесу жарысында 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы жапониялық Эйя Хасимотоға ғана есе жіберді. Қола жүлдені гонконгтық Лян Чунь Вин иеленді.</span>

<span>Бұл құрлық додасында Ұлттық құрама қоржынына түскен 2-медаль.</span>

<span>Айта кетейік, биылғы сары құрлық додасына 30 елдің үздіктері жиналды. Оның ішінде қазақстандықтар саны – 14. Тура 2018 жылы Нилайдағы осы ұлттық велодромда құрлық чемпионаты өтіп, оған 22 мемлекет өз спортшысын жіберген. Малайзиядағы жарыста Париж Олимпиадасы жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріледі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или