Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірқатар медаль жеңіп алды

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірқатар медаль жеңіп алды

Бүгін Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚВФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы төрт медаль еншіледі.

Командалық із кесу жарысында Артем Захаров, Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов және Дмитрий Носков қола жүлдегер атанды. Шабандоздар 4 шақырымды 4:00.4 секундта жүріп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Жасөспірімдер Вячеслав Сичкарев, Вадим Белугин, Аслан Сылықбек және Жалғас Абубакар командалық із кесу жарысында күміс медальға қол жеткізді.

Бұл жарыста жасөспірімдер Таисия Титова, Дария Қазақбай, Аружан Рахымжан және Елизавета Склярова жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Тағы бір «күмісті» жасөспірімдер Рамазан Мұхтар, Ризван Бейсенбаев және Данияр Шаяхметов командалық спринтте иеленді.

Азия чемпионаты 19 маусымға дейін жалғасады.

Фото: ҚВФ баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или