Ига Швентек чемпиондық рейтингте Елена Рыбакинаны озып кетті

Польшалық теннисші Ига Швентек Франция ашық чемпионатының жартылай финалында бразилиялық Биатрис Майяны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы жеңісінің арқасында Швентек WTA чемпиондық жарысында 2-орынға көтерілді. Польшалық теннисші қазақстандық Елена Рыбакинадан озды. Ал көш басында әлі де беларусьтік Арина Соболенко.
Еске салайық, Елена Рыбакина ауырып қалуына байланысты Франция ашық чемпионатын жалғастырмаған еді.
«Ролан Гаррос» үшінші айналымында ол әлемнің 132-ракеткасы испаниялық Сара Соррибес-Тормомен кездесуі керек болған.