Паравелоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды
Паравелоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан велоспорт федерациясына сілтеме жасап.
Жекелей жарыста – әйелдер арасында тандем, үшінші орын Жұлдыз Қайнарова мен Әйгерім Нұрғалиға бұйырды. Қазақ спортшылары мәреге 24 минут 47,531 секундта жетті.
Ерлер арасында С4 тобында жекелей жарыста Павел Бабенко қола жүлдегер атанды. Ол қашықтықты 27:48.813 уақытта бағындырды. Бірінші және екінші орындарды ирандық шабандоздар иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или