Ибрагимович карьерасын аяқтағанын хабарлады

Ибрагимович карьерасын аяқтағанын хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

41 жастағы швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович футболшы қарьерасын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ойыншы А сериясының 38-турындағы «Милан» мен «Верона» (3:1) арасындағы кездесуден кейін мәлімдеді.

2022/23 маусымында Ибрагимович жарақатына байланысты «Милан» сапында небәрі төрт матч өткізді.

Еске салайық, 1999 жылы басталған кәсіби карьерасында Ибрагимович «Миланнан» басқа «Мальме», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед» және «Лос-Анджелес Гэлакси» командаларында өнер көрсеткен. Златан карьерасында 819 матч өткізіп, 493 гол соғып, 201 нәтижелі пас берді. Швециялық ойыншы Нидерланды (екі рет), Италия (бес рет), Испания (бір рет) және Франция (төрт рет) чемпионы атанып, сондай-ақ Нидерланды Кубогы мен Суперкубогын (бір рет), Франция (екі рет – Кубок, үш рет — Суперкубок), Италия Суперкубогы (үш рет), Испания (екі рет) және Англия (бір рет) иеленген. Сонымен қатар, Златан Англия мен Франция Футбол лигасының Кубогын (үш рет) жеңіп алды. 2016/2017 маусымында ол Еуропа лигасында жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0