Игита «Қайрат» АФК жаңа бапкерін қарсы алды

Игита «Қайрат» АФК жаңа бапкерін қарсы алды

«Қайрат» АФК қақпашысы әрі капитаны Игита испаниялық маман Марлон Веласко Эрастың командаға бас бапкері болып тағайындалуына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қош келдіңіз, профессор! Жеңіске бірге ұмтыламыз», - деп пікір жазды Игита Веласконың тағайындалуы туралы жаңалыққа.

Марлон Веласко бұған дейін бес маусым бойы Испанияның «Нойя Портус Апостоли» клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 2021/2022 жылғы маусымда Испания Сегундасын жеңіп алды. 2022/2023 жылғы маусымда Испания чемпионатында сегізінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. Бірақ ширек финалда Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы «Пальма Футзалдан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или